RU

Жартылай жалаңаш киіммен суретке түскен Лидо елдің сынына ұшырады (фото)

Батыл образдарымен елдің алдына шығудан тайсалмайтын әнші Лидо жаңа суреті үшін тағы да сынға ұшырады деп хабарлайды NUR.KZ.

Жағажайлық киіммен түскен суретін салған Лидо елдің сынына ұшырады (фото)
Жағажайлық киіммен түскен суретін салған Лидо елдің сынына ұшырады (фото): UGC

Желі қолданушыларының сөгіп тастайтынын сезсе керек, суретінің астына себебін түсіндірген жазба қалдырды.

«Лидо үнемі іш киіммен жүреді. Әрине ылғи емес. Бірақ, демалыста жағажай киімінсіз қиын. Мында 36+ ыстық. Тіпті менің артымдағы кісілер де іш киіммен. Жалпы барлығы іш киіммен жүр», - деп жазды Instagram парақшасында.

Ал желі қолданушылары «Әдемісіз», «Адамдардың барлығына ұнау мүмкін емес қой», «Бұл арзан пиар» деп пікір білдірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1723079-zartylaj-zalaas-kiimmen-suretke-tsken-lido-eldi-synyna-syrady-foto.html