Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Баянның қайын атасы Димашты сынаған Бағымды жақтап шықты

Опубликовано:

Баянның қайын атасы, сазгер Тұрым Алагөзов бұдан бірнеше жыл бұрын Димашты сынаған Бағым Мұхитденованы жақтап шықты. Оның айтуынша, Бағымның жас әншіге айтқан ескертулері орынды деп хабарлайды NUR.KZ.

Баянның қайын атасы Димашты сынаған Бағымды жақтап шықты
Баянның қайын атасы Димашты сынаған Бағымды жақтап шықты: UGC

Қазіргі құдашасы болып отырған Бағым Мұхитденованы Димашты сынағаны үшін сөккендерге Тұрым Алагөзов араша түсті. Айтуынша, Бағым Димашқа ескерту жасап, орынды пікір айтқан.

Бұл туралы ол өзінің Instagram парақшасында жазған.

Ол Баянның "Сиситай" фильміне музыкалық продюсер болған Бағымның жұмысын аса жоғары бағалап, жазба қалдырған. Алайда желіде қолданушыларының бірі:

"Бағым деген Димаштың дауысын сынға алған әйел ма?", - деп жазған желі қолданушыларының бірі.

Бірақ Тұрым Алагөзов Бағымның айтқанымен келісетінін айтты.

"Сіз оның Димаш туралы пікірін дұрыс түсінбей қалған сияқтысыз. Бағым Димаш әр өлеңде музыкалық мүмкіндікті қолданбау туралы ескерту жасады. Оның осы пікіріне қосыламын. Димаш қазір Алланың сыйының арқасында жүр. Күн сайын жүгіріп, секіріп, жүзіп, бар күшін сарп ететін спортшыны елестетіңізші. Ол бір жылдан соң жоқ болады немесе мүгедек болады. Димашқа сауатты ғана емес, парасатты ұстаз қажет", - деп жазды ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1723085-baanny-kajyn-atasy-dimasty-synagan-bagymdy-zaktap-sykty/

pixel