RU
Үйленгеніне апта болмаған жас жігіт өз үйінде әжесімен бірге қайтыс болды
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Үйленгеніне апта болмаған жас жігіт өз үйінде әжесімен бірге қайтыс болды

Рассказать Вконтакте

Үндістанда жаңадан шаңырақ құрған жұпқа қастандық жасалды. 18 ақпанда некесін қидырған жұп жарылғыш заттан зардап шекті: инженер-бағдарламашы қызметін атқаратын жігіт қаза тауып, оның әйелі ауыр жарақатпен емханаға жеткізілген. Сондай-ақ оқиға орнында күйеу жігіттің әжесі де қаза тапты деп хабарлайды Baq.kz агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Үндістан

Оқиға 23 ақпанда болған. 26 жастағы инженер Сумья Сехар Саху әйелі 22 жастағы Рема екеуі Патнагархадағы үйде тамақ істеп жатады. Жеткізуші қорап алып келіп, Райпурдағы туыстарынан сыйлық келгенін айтады. Сехар Саху Райпурда ешқандай туысы жоқ екенін айтып, күмәнданса да, жасыл түсті қорапты ашады.

Сол сәтте жарылғыш зат атылып кетіп, ас үйдің тас-талқаны шыққан. Оқиға орнында 90 пайыз денесі күйіп қалған күйеу жігіт пен оның әжесі Джемамани Саху қаза табады.

Ал әйелі Реманың беті, қолдары күйіп, өкпесі түтіннен зардап шеккен халде емханаға жеткізілген. Көршілері газ балоны жарылып кетті деп ойлап, бірден тәртіп сақшылары мен жедел жәрдем қызметін шақырған.

Арада 1 ай уақыт өтсе де, бұл оқиға Үндістанда жабық күйінде қалып отыр. Жас жұбайлар 1 жыл бұрын серт байласып, биылғы жылы некелескен. Күйеу жігіт пен қалыңдықтың екеуі де жоғары білімді, ата-аналары көзі ашық, алайда қарапайым адамдар. Бала-шағасына кімнің қастандық жасағанын анықтағысы келіп, ашынған олар көптен көмек сұрауда.

Райпурдан жеткізілген қорапқа жалған мекен-жай жазылған, ал курьерлік компанияда видео бақылау мен сканер аппараты болмаған. Тәртіп сақшылары 1 айдан бері ешбір нәтижеге қол жеткізе алмай отыр.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
3
10
11
1
7
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel