RU

Назарбаев алапат өртке байланысты Путинге қайғыра көңіл айтты

Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының президенті Владимир Путинге көңіл айту жеделхатын жолдады деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Назарбаев

Мемлекет басшысы Кемерово қаласының сауда және ойын-сауық орталығындағы өрт салдарынан көп адамның қаза тапқаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады.

«Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан қаза болғандардың туыстары мен жақындарының қайғысына ортақ екенімді жеткізуіңізді сұраймын. Зардап шеккендердің тезірек сауығып, отбасыларына оралуына тілектестік білдіремін», – делінген жеделхатта.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1723118-nazarbaev-alapat-rtke-bajlanysty-putinge-kajgyra-kil-ajtty.html