RU
Есірткі сатумен айналысқан оралдық мұғалім масқара болды
Жаңалықтар Қоғам

Есірткі сатумен айналысқан оралдық мұғалім масқара болды

Рассказать Вконтакте

23 наурызда Орал қаласындағы №3 орта мектепте бастауыш сыныптарға дене шынықтырудан сабақ беретін 32 жастағы мұғалім ұсталды деп хабарлайды Baq.kz агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Есірткі сатумен айналысқан оралдық мұғалім масқара болды

Есірткі сатумен айналысқан оралдық мұғалім масқара болды

БҚО ІІД Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының басшысы Андрей Хлевиннің айтуынша, ұстаздан 5,04 грамм марихуанна тәркіленген.

«23 наурызда №3 орта мектепте жұмыс істейтін дене шынықтыру пәнінен (есірткі – автор) сатып алдық. Операция барысында 5,04 грамм марихуанна сатып алынды. Ол өз үйінде ұсталды», - деді Андрей Хлевин.

Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 297 бабының 1 тармағы «Есірткі заттарын сақтау және сату» бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Айта кетейік, қалалық білім басқармасы мұғалімнің ұсталғанын растағанымен, аталған оқиғаға қатысты пікір білдіруден бас тартты.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
2
5
1
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel