RU
Бес күн қатарынан демалған ел тұрғындарының жұмысқа шыққысы келмей қалды
Жаңалықтар Қоғам

Бес күн қатарынан демалған ел тұрғындарының жұмысқа шыққысы келмей қалды

Рассказать Вконтакте

Қазақстандықтар наурыз мерекесіне орай бес күн демалса да, олардың жұмысқа деген ынталары керісінше, төмендеп кеткен. Еліміздегі кеңседе жұмыс істейтіндердің қызметтегі белсенділігі туралы "Kompetenz" сақтандыру компаниясына сілтеме жасаған NUR.KZ порталы қызықты мәліметтерді назарға ұсынады.

Көрнекі фото желіден алынды

Көрнекі фото желіден алынды

Көктемнің айтулы мерекелеріне орай 8-11 және 21-25 наурыз аралығында тоғыз күн демалған қазақстандықтардың жұмысқа деген құлшынысы тіптен бәсеңдеп кеткен. Ал кеңседе жұмыс істейтіндердің басым бөлігі 19-20 күндеріне жылдық демалыстарын рәсімдеген.

Нақтырақ айтсақ, Алматы мен Астана қаласындағы қызметкерлердің төрттен бір бөлігі ұзақ демалыстан кейін кеңсеге қайта беттегісі келмей қалған. 16 пайызы күйзеліске түссе, 33 пайызы жұмысты ойлағанда көңілі түсетінін айтқан.

Айта кету керек, ұзақ демаламын деп, күйзеліске душар болғандардың тек 60 пайызы ғана жүйкесіндегі ауытқулармен күресуге тырысады екен: әрбір төртінші адам өзін жұмысқа толығымен арнап, ішіндегі жарасынан құтылғысы келеді. 16 пайызы бірінші күннен-ақ өзінің кезекті демалысын жоспарлауға немесе мамыр айындағы мерекелерді ойлап, уақытша алдануға тырысатын көрінеді.

Оған қоса, мамандар көктем мезгілінің ер азаматтар мен әйелдерге өте қатты әсер ететінін айтуда. Оған себеп, адамдардың барлығы күн жылына бастағанда дәрумендер жетіспеушілігінен зардап шегеді екен.

Осының алдын алу үшін ағзада эндорфиннің көптеп бөлінуіне ықпал ететін өнімдерді (банан, жаңғақ, шоколад) жеуге кеңес береді.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
2
0
0
2
6
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel