RU
Тыңдарманына риза болған Роза Әлқожа сахнада алтын сырғасын шешіп берді (видео)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Тыңдарманына риза болған Роза Әлқожа сахнада алтын сырғасын шешіп берді (видео)

Рассказать Вконтакте

Отандық әнші Атырауда өткен ән кешінде тыңдарманына тосын сый жасады. Ән айтып, би де билеп берген кішкентай атыраулық қызға Роза Әлқожа сырғасын шешіп, тақты деп хабарлайды NUR.KZ.

Тыңдарманына риза болған Роза Әлқожа сахнада сырғасын шешіп берді (видео). Фото: Instagram

Тыңдарманына риза болған Роза Әлқожа сахнада сырғасын шешіп берді (видео). Фото: Instagram

Сахнада тосылмай топ жара білген қызға әнші табан астында не сыйларын білмей қалған. Бұл жайында Роза Әлқожа Instagram парақшасында жариялады.

«Көптің ішінде ерекше көзге түскен биші қызға сыйымыз. Өзі тақпақ та айтып берді», - деп жазба қалдырды әнші.

«Әдетте біз орамал, альбомдар алып жүруші едік. Бүгін ұйымдастырушылар ұмытып кетіпті. Алтынға біздің жолымыз жұғысты болсын» деп тыңдарманының маңдайынан сүйді әнші.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
2
1
1
1
53
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір