RU
Мейрамбек Беспаев сахнаға жартылай жалаңаш шығатын қыздарға ренішін жеткізді
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Мейрамбек Беспаев сахнаға жартылай жалаңаш шығатын қыздарға ренішін жеткізді

Рассказать Вконтакте

Елімізге белгілі әнші Мейрамбек Беспаев өзінің музыкалық арналарға деген ренішін жеткізді. Ол билік қолында болса, телеарнадағы жалаңаштарды құртатынын айтты деп хабарлайды "Zhuldyz.tv" арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Мейрамбек Беспаев сахнаға жартылай жалаңаш шығатын қыздарға ренішін жеткізді. Фото: Dalatunes

Мейрамбек Беспаев сахнаға жартылай жалаңаш шығатын қыздарға ренішін жеткізді. Фото: Dalatunes

"Мен сияқты адамдарға тізгінді бермейді. Ертең мені “Өзі музыкашы бола тұра өнерді түсінбейді. Ұлтшыл! деп айыптаулары мүмкін. Мен рокты да, шетелдің музыкаларын да тыңдай аламын. Бірақ, мынандай масқараларды тыңдай алмаймын. Маған, расымен, музыкалық бағдарламаларды басқартпайды.. Басқарған жағдайда, бірінші, жалаңаштарды құртамын. Әдепсіз, тәртіпсіздерден бастаймын»,- деді әнші.

Сондай-ақ, ол еліміздегі «Гәкку» арнасына реніші барын да жасырмады.«Мен «Гәкку» арнасының бір концертіне шыққаныма өкінемін. Би қойып жатырмыз деді де, артымызға жалаңаш қыздарды билетіп қойды.

Ол былайша айтқанда, бізді аяқтан шалу. Міне, сіздер сүйген «МузАрт»-та өстіп жүр деген сөз. Ол концертте МС Сайлаубек те шықты. Не тілін түсінбейсің, өзінің не айтып тұрғанын өзі түсінбейді», - деп әнші өкпесін жеткізді.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
0
4
1
45
5
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір