RU
Танымал блогер ештеңеге көңілі толмайтын қазақ туристерін сынап тастады
Жаңалықтар Қоғам

Танымал блогер ештеңеге көңілі толмайтын қазақ туристерін сынап тастады

Рассказать Вконтакте

Интернет кеңістігінде аса танымал блогер Ержан Рашев шет мемлекетте жүрген қазақ туристерін бірден танып қоюға болатынын айтты. Оның айтуынша, оларды өмірі жабырқаулы күйде болатын жүздері білдіртіп қойса керек деп хабарлайды блогердің Instagram парақшасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Instagram

Фото: Instagram
Source: UGC

Ержан Рашев Instagram парақшасына шетелде демалу барысында үнемі жабырқаулы болып жүретін қазақ туристерін қатты сынға алды. Әлеуметтік желідегі оның кезекті жазбасы көпшілік арасында қызу талқыға түскен.

Оның пікірінше, қазақ туристі үшін ауқатты қонақ үйлер мен ондағы ең қымбат бөлмелер құны "беш тиын" болса керек. Тіпті дәмді тағамдар мен мысырлық ең үздік шараптар да қазақ туристінің жүзінде күлкі ұялатпайды дейді ол.

Фото: Instagram

Фото: Instagram
Source: UGC

«Британдық немесе голландиялық азаматтарды қараңыздаршы, қарапайым заттарға қуанып, әрдайым көңілді жүреді. Ал біздің туристердің өмірі бір нәрсеге риза еместігі бірден көзге түседі. Олардың жүзіне қарасаң, таусылмас проблемалардан әбден шаршаған адамды аңғаруға болады», - дейді блогер.

Оның ойынша, қазақ туристерінің түрінде сонау ашаршылық замандарынан бастау алған мәселелер мен қазіргі таңдағы қаржы дағдарысы, «үйлену керек», ХҚКО іспеттес түрлі мекемелердегі таусылмас кезек күту деген сияқты проблемалар көрініс табады.

«Тек кішкентай бүлдіршіндердің бет-жүзі жылы. Олардың жүздерінде уайым-қайғы атаулысын байқамайсың. Жас жеткеншектердің бізге қарағанда бақытты өмір сүретіндеріне үмітім зор», - деп қайырды танымал блогер.

Сіздің реакцияңыз
1
1
1
0
0
6
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel