RU
Ақтөбеде абақтыда отырған ұлына араша түскен ана жанайқайын жеткізді (видео)
Жаңалықтар Қоғам

Ақтөбеде абақтыда отырған ұлына араша түскен ана жанайқайын жеткізді (видео)

Рассказать Вконтакте

Ақтөбеде облыс прокурорынан көмек сұраған тұрғын "өзімді өртеймін" деп прокуратураның алдына жылап келді деп хабарлайды өңірдегі тілшісі.

Алмагүл Жұланова

Алмагүл Жұланова

Тұрғын үстінен іс қозғалып жатқан баласын босатуды сұрайды. Айтуынша, адам өлтіріп алған баласы да ауызын тігіп, аштық жариялап жатыр.

"Менің балам 20 күннен бері аштық жариялап отыр. Қазір 15 келіге арықтап кетті. Соттың келесі отырысына дейін балам шыдамауы мүмкін. Ұлымның кеудесінен жаны шықпай тұрып көмек көрсетіңіздерші. Күні-түні уайымдап, өмір сүргім келмей кетті. Балама "адам ұрлап өлтірді" деп жала жабылып жатыр. Ол біздің отбасын өлтіргісі келген адамдардан қорғанды. Сегіз ай болды осылай жүргенімізге", - дейді Алмагүл Жұланова.

Оқиға 2017 жылдың 8 наурызында тіркелген. 33 жастағы Нұрислан Жұлановтың үстінен бес бірдей бап бойынша қылмыстық іс қозғалған. Оның ішінде адам ұрлығы, адам өлімі бар. Қазіргі уақытта қылмыстық іске қатысты сот тыңдауы жүріп жатыр.

Алмагүл Жұланова

Алмагүл Жұланова

"Сол күні түнгі сағат үште біз ұйықтап жаттық. Аулада ит үргесін сыртқа бәріміз жүріге шықтық. Қаруланып алған бес адам аулаға кірген. Балам солардың бірін ұстап алып, жертөлеге қамап қойды. Ертеңне мені уайымдамасын деп бөтен жаққа алып кетті. Кешкісін "Мама, мен ана баланы өлтірдім" деп келіп тұр. Балам ол балаларды танымайды. Ойылдың бес баласы екен. Бізді өлтіру үшін келгендерін өздері айтқан. Енді баламды адам ұрлады деп соттағалы жатыр", - дейді шешесі.

Адам өлімі бойынша ісі сотта қаралып жатқан жігіттің туыстары талапкердің жазасын жеңілдетуді сұрап отыр.

"Мен бас прокурордың іске араласуын сұраймын. Егер арызым қараусыз қалатын болса прокуратураның алдында өзімді жағып жіберемін. Қазіргі уақытта осы іске қатысты менің жолдасым да қамауда отыр", - дейді Алмагүл Жұланова.

Ал прокурорлар сотта қаралып жатқан іске қатысты шағымды сотқа түсіру керектігін түсіндірді.

"Іс сотта қаралып жатыр. Бұл кісі алдымызға келгесін шығып тұрмыз. Қазіргі уақытта бұл кісінің арызын қабылдаймыз. Іс сотқа жеткеннен кейін шағымды сотта түсіру керек", - дейді прокурор Жасұлан Орынбасарұлы.

Есіктің алдына келген қарақшыларды полиция көмегінсіз өзі жазалаған жігіттің әкесі де істі болуы мүмкін. Ол құзырлы орындар көмегінсіз ауласына кірген жігітті буындырып өлтірген.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
1
0
9
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel