RU

Кемероводағы сауда орталығы қайтадан өртене бастады

Ресейдің Кемерово қаласында өртке оранып, бірнеше адамның өліміне себеп болған "Зимняя вишня" сауда орталығы қайтадан қызыл жалынға оранды. Ғимараттағы өрттің қайта басталып, қара түтін шыққан видожазбаларды Life-Shot телеграм-каналы жариялаған.

Видеодан кадр: life-shot
Видеодан кадр: life-shot: UGC

Тілсіз жау ғимараттың үшінші қабатында қайта басталған болуы мүмкін. Сауда орталығынан қара түтін шығып жатыр. Ал құтқарукшылар тез арада оның ішінен қашып шығуда.

Төтенше жағдайлар министрі Владимир Пучков сауда орталығында бықсып жанған от күшейіп кеткен. Сондықтан да одан қара түтін шығуда дейді ол.

Еске салсақ, Ресейдің Кемерево қаласында жантүршігерлік өрт шығып, қаза болғандар саны 64 адамға жеткен еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1723158-kemerovodagy-sauda-ortalygy-kajtadan-rtene-bastady.html