RU

"Қош болыңдар": Кемеровода ажал құшқандардың соңғы хаты жарияланды

Алпыстан адам адамның өмірін жалмаған Кемероводағы "Зимняя вишня" сауда орталығында болған жантүршігерлік өрт көпке дейін ұмытылмас қайғы болып қала береді деп жазады Life.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Риа Новости
Фото: Риа Новости: UGC

Қызыл жалынның ортасында қалып көз жұмғандардың бірі 37 жастағы Татьяна Дарсалия. Ол қаладағы №17 гимназияның ағылшын тілі пәнінің мұғалімі және тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасары қызметін атқарған.

Фото әлеуметтік желіден алынды
Фото әлеуметтік желіден алынды: UGC

13 жастаағы М. Марниямен бірге оның 33 жастағы анасы М. Полина да қайтыс болған. Жасөспірім әлеуметтік желіде достарына өрт шыққанын жариялап, олармен қоштасып үлгеріпті.

Фото әлеуметтік желіден алынды
Фото әлеуметтік желіден алынды: UGC

12 жастағы Е. Майяның өз парақшасындағы "Біз біттік" деген сөзі желі қолданушыларын дүр сілкіндірді. Ол да сауда орталығының ішінде қалған.

Фото әлеуметтік желіден алынды
Фото әлеуметтік желіден алынды: UGC

Вика П мен Вероника П. жақын құрбылар еді. 25 наурыз күні олар да қайғылы оқиға болған сауда орталығына қыдырып барыпты.

Фото әлеуметтік желіден алынды
Фото әлеуметтік желіден алынды: UGC

11 жастағы Вилена Вероника мен Виканың құрбысы. Осы күні барлығы бірге сауда орталығында болыпты. Желідегі қыздың суретіне көпшілік көңіл айту жазбаларын қалдыруда.

Фото әлеуметтік желіден алынды
Фото әлеуметтік желіден алынды: UGC

Бес жасар Вика 31 жастағы әкесі Станиславпен бірге отбасылық серуенге шыққан.

Фото әлеуметтік желіден алынды
Фото әлеуметтік желіден алынды: UGC

Ал мына суретке қарап, "Қандай әдемі, бақытты жандар" деп айтқың келеді. Алайда өрт кезінде 42 жастағы Янаның осы қызы өмірден озып, үлкен қызы аман қалды.

Фото әлеуметтік желіден алынды
Фото әлеуметтік желіден алынды: UGC

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1723163-kos-bolydar-kemerovoda-azal-kskandardy-sogy-haty-zarialandy.html