RU
Қайрат Нұртастың жары бала тәрбиесіне қатал қарайтынын айтты
Жаңалықтар Сіз білмейтін қызықтар

Қайрат Нұртастың жары бала тәрбиесіне қатал қарайтынын айтты

Рассказать Вконтакте

Отбасылық концертін берген Қайрат Нұртастың келіншегі «Айта берсін» бағдарламасына берген сұқбатында ағынан жарылды деп хабарлайды NUR.KZ.

Жұлдыз Әбдікәрімова балаларына қатал ана екенін айтып берді. Фото: Instagram

Жұлдыз Әбдікәрімова балаларына қатал ана екенін айтып берді. Фото: Instagram

Отбасылық концертте өнер көрсеткен әншінің төрт баласын Жұлдыз еркелетпейтін болып шықты.

«Баланы жастан дейді ғой. Балаларға суықтаумын. Үйде онсызда атасы, апасы, әкесі еркелетеді. Біреу баланы қатал ұстауы керек қой. Қажет жерінде еркелетемін. Бірақ, бәрі өз орнымен», - деді Әбдікәрімова.

Сондай-ақ әншінің жары өткен күндерін де еске алды.

«Ең алғаш Сезім туылғанда, көп уақытты балаға бөліп кеттім. Сонда Қайрат қызғанатын. «Мені ұмыттың. Маған көңіл бөлмейсің» деп. Кейін баланы ата-әжесіне бердік қой», - деді ол.

Әншінің тұңғышы Сезім атасының, Ал Алау есімді екінші қызы апасының қызы екен.

Айта кетейік, әнші еліміздің екі үлкен қаласы Астана мен Алматыда отбасылық кешін өткізіп, балаларын халыққа таныстырған болатын.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
1
1
1
2
12
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір