RU
ОҚО-да елді дүрліктірген ауылға Бас прокуратура өкілдерінің өздері барды
Жаңалықтар Қоғам

ОҚО-да елді дүрліктірген ауылға Бас прокуратура өкілдерінің өздері барды

Рассказать Вконтакте

ОҚО-да "зорланды" деген 7 жасар бала мен анасы Абай ауылына барды. Туған ауылына барған балақай өзін жайсыз сезініп, қорқып қалған. Бұл туралы баланың заңгері Бауыржан Азанов NUR.KZ тілішісіне берген сұхбатында мәлімдеді.

Заңгер Бауыржан Азанов. Фото: bureau.kz

Заңгер Бауыржан Азанов. Фото: bureau.kz
Source: UGC

Бауыржан Азановтың айтуынша, атышулы іс бойынша Бас прокуратура өкілдерінің өзі Абай ауылына барып тексеру жұмыстарын жүргізуде. Балақай қадағалаушы орган өкілдеріне ауылдағы оқиға орны болған жерлерді көрсетіп берген. Туған ауылы жәбірленуші бала үшін жағымсыз сәттермен есте қалса керек, ол өзін жайсыз сезініп, сескеніп қалған дейді заңгері.

"Екі күн бойы Абай ауылындағы жеті жасар баланың ісі бойынша тексеру жұмыстарына қатыстым. Тексеру жұмыстары ойдағыдай өтіп жатыр деп айта аламын. Барлығы штаттық режимде жүріп жатыр. Баланың өзіне ауылы ұнамай қалса керек. Балақайдың өзі ауылынан қорқып қалғандығын жасырмай айтты. Қазір анасы мен баласы Алматы қаласында", - дейді баланың қорғаушысы Бауыржан Азанов.

Еске салайық, желіде ОҚО-ның Сарыағаш ауданындағы Абай ауылында "жеті жасар бала зорланды" деген ақпарат бүкіл елді дүр сілкіндірген еді.

Жергілікті билік өкілдері бұл ақпаратты теріске шығарып, бала зорланбаған деген қорытынды жасады.

Жеті жасар балаға қатысты үшінші рет медициналық сараптама тағайындалмақ. Бұл жолы баланың анасының өтініші бойынша мамандар шетелден шақыртылмақ.

Сіздің реакцияңыз
0
0
2
8
2
3
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel