RU
Атақты Криштиану Роналдуға қазақтың шапаны тарту етілді (видео)
Жаңалықтар Қоғам

Атақты Криштиану Роналдуға қазақтың шапаны тарту етілді (видео)

Рассказать Вконтакте

Әйгілі футболшы Криштиану Роналдуға белгілі қазақстандық мұнай компаниясының өкілдері шапан кигізіп, кәдесый тарту етті деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Атақты Криштиану Роналдуға қазақтың шапаны тарту етілді (видео)

Атақты Криштиану Роналдуға қазақтың шапаны тарту етілді (видео)
Source: UGC

Отандық «Теңіз шэвройл» компаниясы өкілдерінің әйгілі португалиялық футболшы Криштиану Роналдуға шапан кигізіп, еліміздің көк туын таныстырып жатқан видеосы Instagram-дағы ZTB паблигінде пайда болды.

Бейнежазбадан бір топ қазақстандық азаматтардың белгілі спортшыға мемлекеттік туды таныстырып, сондай-ақ, сыйлық ретінде қыранның мүсінін сыйға тартқанын көруге болады.

Компания өкілдері, өз кезегінде, футболшыға шапан жауып та үлгерді. Олар Криштиануға "Қазақстанда шапанды сыйлы, беделді тұлғаларға кигізетінін" айтуда.

Желі қолданушыларының біразы спортшының сыйлықтардан бас тартып жатқанын айтып, "Ұят болды", "Менсінбей тұр", "Шапанды үстіне кисе болатын еді" деп сынап тастаған.

Ал кейбірі, "онда тұрған ештеңе жоқ", "жарайсыздар" деп тарту сыйлаған азаматтарға алғысын жаудырып жатыр.

Сіздің реакцияңыз
6
2
2
3
0
11
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel