RU
Түймебаев Сарыағаштағы баланың ісі дәлелденсе, орынбасарын қызметінен босатпақшы
Жаңалықтар Қоғам

Түймебаев Сарыағаштағы баланың ісі дәлелденсе, орынбасарын қызметінен босатпақшы

Рассказать Вконтакте

ОҚО әкімі Жансейіт Түймебаев Сарыағаштағы "зорланды делінген" бала оқиғасы дәлелін тапса, тағы да бірқатар жауаптылар жаза алатынын айтты. Әкім тіпті, білім саласына жауапты өзінің орынбасарын да жұмыстан босатуға дайын екенін жеткізді деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Фото: Qamshy.kz

Фото: Qamshy.kz

Қоғамдық резонанс тудырған Сарыағаш ауданы, Абай ауылындағы жеті жасар бала ісіне қатысты облыс әкімі пікір білдірді. Бұған дейін бірнеше қызметкерді жұмыстан босатып, кейбіріне сөгіс берген, ал өзінің орынбасары Ұласбек Сәдібековке қатаң ескерту жасаған Жансейіт Түймебаев оқушыға қатысты медициналық сараптама қорытындысын күтіп отыр екен.

"Тергеу аяқталған соң жауаптыларды жазалау жалғасатын болады. Себебі біз құқық қорғау органдарының сараптамалық қорытындысына сүйенуіміз керек. Сол кезде тағы да жазалайтын боламыз", - деген әкім тіпті білім саласына жауапты орынбасары Ұласбек Сәдібековті де жұмыстан босатуға дайын екенін мәлімдеді.

Еске сала кетейік, Абай ауылындағы 7 жасар баланың әжесі сол ауылдың жоғары сынып оқушылары немересіне "сексуалды тұрғыда зорлық көрсетті" деп шағым айтқан болатын.

Бұл жағдай ел ішінде қызу талқыға түсіп, кейінірек қоғам белсенділері бұл іске өздері араласты. Еліміздің омбудсмені Зағипа Балиева осы жағдай бойынша Шымкентке арнайы келіп, баланы және әжесін өзімен бірге сараптама жасату үшін Астанаға алып кетті. Кейінірек "зорлық көрді" деген баланың анасы ұлына өзінің рұқсатынсыз сараптама жасамауды талап етіп, алматылық мамандарға жүгінетінін айтты.

Күллі елді дүрліктірге оқиғадан соң ОҚО әкімі өзінің орынбасары Ұласбек Сәдібековке қатаң ескерту жасады.

Ал Сарыағаш аудандық ЖПҚ басшысы мен Абай аудандық ЖПҚ басшысы, №73,№74 жалпы орта мектептеріне жауапты полиция инспекторы қызметтерінен босатылды.

Сондай-ақ, Сарыағаш ауданының әкіміне қатаң сөгіс берілсе, аудандық білім бөлімінің басшысы, жәбірленуші бала мен күдікті оқушылар оқитын №73, №74 жалпы орта мектеп директорлары тергеу амалдары аяқталғанша жұмыстан шеттетілген.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
1
1
11
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel