RU
"Ордабасы" президенті бұрынғы футболшының арбауына қалай түскенін айтты (видео)
Жаңалықтар Қоғам

"Ордабасы" президенті бұрынғы футболшының арбауына қалай түскенін айтты (видео)

Рассказать Вконтакте

ОҚО-да аудан әкімдерінен алаяқтық жолмен бірнеше миллиондаған ақша алды деген күдікпен істі болған бұрынғы футболшы ісіне қатысты "Ордабасы" клубының президенті түсінік берді. Бір қызығы, клуб президенті Бақтияр Байсейітов те футболшыының құрбаны болған, деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Бақтияр Байсейітов

Бақтияр Байсейітов

"Ол (автор: бұрынғы футболшы) маған хабарласты. Хабарласқан да өте сауатты хатшым арқылы шығып, өзін облыс әкімінің көмекшісі деп таныстырған. Хатшы менің жұмыста жоқтығымды айтқан. Ол: "Қайда? Әкім іздеп жатыр" депті. Хатшы қыз маған хабарласып, әкім (автор: Жансейіт Түймбаев) іздеп жатқанын айтты. Ол сәтте мен Алматыда іссапарда жүргенмін. Менің жұмыста емес екенімді қайдан білді екен деп ойланып қалдым. Кейіннен оның өзімен сөйлестім. Сөзін "Сіз әкімнің қабылдауына кіргіңіз келіп жүрген еді ғой?" деді. Расымен де мен сол сәтте әкімге кіргім келіп жүрген болатын.
Содан ол маған екі күннен соң қабылдауға кіресіз, оны өзім ұйымдастырып беремін" деді. Бірақ әкімнің бір бұйымтайы барын жеткізді. Ол үшін мен көмекке мұқтаж балаларға ақша аударуым керек болды... Ойымда ешнәрсе жоқ, балалар үйіне шығар деп ойладым... Ол маған ақшаны қайда аудару керектігін айтты, мен оны бухгалтерге өткіздім", - деп есіне алды клуб президенті.

Байсейітовтің айтуынша, ол 1,5 млн теңгені өз қалтасынан аударған.

"28-іне бізді сотқа шақырды. Оның (автор: күдікті) анасы келіп, ұлын босатуын сұрап отыр екен. Ал оның өзі кешірім сұрап, алған соманы қайтарғысы келіп отыр екен", - дейді клуб президенті.

Байсейітов мырза бұрынғы футболшыны кешіретінін, себебі темір тордың ар жағына кетсе, ол жақтан қандай адам боп шығатынына алаңдап отыр.

"Бастысы, өз кінәсін толықтай түсінсе болды" дейді клуб президенті.

Айта кетейік, өзін Жансейіт Түймебаевтың "көмекшісімін" деп таныстырған күдікті ОҚО-дағы алты аудан әкімінен қомақты қаржы бопсалап деп күдіктелуде. Оның ісі ағымдағы жылдың ақпан айында белгілі болды.

Уақытша қамауға алынған "Ордабасы" клубының бұрынғы ойыншысының ісі Шымкент қаласы, әл-Фараби аудандық сотында қаралып жатыр.

Хотите быть всегда в курсе самых интересных событий?
Подписывайтесь на наш канал в Telegram!
Сіздің реакцияңыз
0
1
2
0
0
1
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір