Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Махаббатын еш жерден таппаған жігіт әйелдер университетіне құжат тапсырды

Опубликовано:

Қытайдағы Нинбо қаласына қарасты Чжэцзян елді мекенінің түлегі әйелдер университетіне құжат тапсырды. Ол мұндай қадамға өз махаббатын табу мақсатында барған деп хабарлайды lenta.ru-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: lenta.ru
Фото: lenta.ru: UGC

Жас жігіттің айтуынша, кілең қыздарға арналаған білім ордасына түсіп кеткен жағдайда, өзіне сай өмірлік жар табу оған анағұрлым оңай болмақ.

Алайда, қытайлық азаматтың бұл шешімін үй-іші қолдамаса керек.

«Әкем маған абай болу керектігін ескертті. Ол менің осыншама көп әйелдер кесірінен үлкен өзгеріске ұшырағанымды қаламайды», - дейді жас түлек.

Қытайдағы әйелдер университеті жылына, шамамен, мың жарым студентті қабылдаса, оның 1%-ын ер жігіттер құрайды. Оларға арнайы жатақхана мен әжетхана қарастырылған.

Қытайдың 2015 жылға дейін жұмыс істеген «бір отбасы- бір бала» саясатының кесірінен, ер жігіттер өмірлік жар таңдауда қыздардың жетіспеушілігіне тап болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1723200-mahabbatyn-es-zerden-tappagan-zigit-jelder-universitetine-kzat-tapsyrdy/

pixel