Жағдай қиын: "Канело" мен Головкин кездесуі өтпеуі мүмкін
ESPN телеарнасының сарапшысы Дэн Рафаэль Сауль Альварестің допинг сараптама нәтижесіне қатысты пікір білдірді. Сондай-ақ, ол Геннадий Головкиннің келесі қарсыласы кім болуы мүмкін екенін айтты деп хабарлайды prosports.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Жағдай қиын: "Канело" мен Головкин кездесуі өтпеуі мүмкін
Айта кеткен жөн, Невада штатының атлеттер комиссиясы Альвареске шаршы алаңға шығуға уақытша тыйым салды. Бұл іске қатысты соңғы шешім 10 сәуір күні қабылданады.
"Канелоның" допинг-тест нәтижесіне байланысты реванш болмай қалуы мүмкін деп алаңдап отырған жандарға айтарым бар. HBO PPV-ді жылжыту үшін сенбілік трансляциясын пайдаланбады және бұл күнді күнтізбесінде бос қалдырды. Жағдай қиын. "Канелоның" шеттетілуі жай ғана сөз дейтіндер қателеседі. Головкин мен "Канелоның»"екінші кездесуі расымен де болмауы мүмкін", - дейді Дэн Рафаэль.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
3
2
1
5
0
4
1
Тағы да оқыңыздар
Пікір