RU

Алматыда қарулы қарақшы дүкеннің екі күндік кірісін тонап кетті

Алматыда құқық қорғаушылар ірі супермаркетті тонаған қарақшыны құрықтады деп хабарлайды Sputnik Қазақстанға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: bagnet.org
Көрнекі фото: bagnet.org: UGC

Полицейлердің хабарлауынша, қарақшы дүкеннің екі күндік кірісін тонап кеткен, ал бұл үш жарым миллион теңгеден артық.

Қылмыс супермаркет жабылған кезде жасалған. Медициналық маскамен бетін бүркеген қарақшы пышақпен қаруланыпты. Шабуыл кезінде супермаркет қызметкерлері зардап шеккен жоқ.

Жедел тергеу тобының шапшаң әрекетінің арқасында қылмыскер алғашқы сағаттарда анықталып, қолға түскен. Қазір қамауда отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1723220-almatyda-karuly-karaksy-dkenni-eki-kndik-kirisin-tonap-ketti.html