RU
ШҚО шенеуніктері "байбалам" сала беретін тұрғындарды кінәлап шықты
Жаңалықтар Қоғам

ШҚО шенеуніктері "байбалам" сала беретін тұрғындарды кінәлап шықты

Рассказать Вконтакте

Шығыс Қазақстан облысының Глубокое ауданында 200-ге жуық үйді су басқан. Құтқарушылар жүздеген тұрғынды қауіпсіз жерге көшіріпті. Көпшілігінің баспанасы құлап, енді тұруға мүлдем жарамсыз болып қалған деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

ШҚО-да шенеуніктер

Көрнекі фото: Times.kz

Ертеңіне алаңдаған тұрғындарға жергілікті әкімдік басу айтып әлек. Оларға сенсек, байбалам салудың жөні жоқ. Яғни тұрғындардың үйін жөндеп немесе тіпті мемлекет есебінен пәтер сатып әпермек екен.

Басқа барар жері жоқ тұрғындар жарамсыз болып қалған үйлерін қимай, жағалап жүр. Ал айтарлықтай зардап шекпеген үйлер тез арада жөндеуді қажет етеді.

Көршілес орналасқан Прогресс ауылындағы кішігірім өзен де елді мекеннің көп бөлігін басып қалған. Мұнда судың беті қазір де қайтпай тұр. Тұрғындар үйлеріндегі азық-түлік пен құжаттарын аман алып қалудың қамымен жүр.

Ашулы тұрғындар "бөгеттегі суды дер кезінде жібергенде апаттың алдын алуға болар еді" деп ашынады.

Ал аймақ басшысы тұрғындарға жедел түрде көмек берілетіндігін айтып, тұрғындарды сабырға шақырды.

"Бұл 30 жылдан бері болмаған жағдай. Енді ауа-райы дұрысталса және су қайтса, нақты іс-шараларға көшеміз", - дейді Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов.

Әзірге тұрғындар тума-туыс жағалап кеткен. Ал кейбірін әкімдік арнайы орталықтарға орналастырыпты. Бұл жерде оларға гуманитарлық және психологиялық көмек көрсетіліп жатыр екен.

Айта кету керек, шығысқазақстандықтарға көмек көрсету үшін Алматы, Павлодар және Оңтүстік Қазақстаннан құтқарушылар жеткен. Ал ауа-райын болжаушылар аймаққа әлі де төтенше жағдай қаупі төніп тұрғанын айтады. Өйткені жақын күндері жаңбыр жауып, ауа температурасы 10 градусқа дейін көтерілмек.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
2
0
0
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel