RU
Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде қар мен жаңбыр күтіледі
Жаңалықтар Қоғам

Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде қар мен жаңбыр күтіледі

Рассказать Вконтакте

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа-райы сақталады, жауын-шашын жауып, тек батысында және оңтүстік-батысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі деп хабарлайды РМК Қазгидрометке сілтеме жасаған NUR.KZ порталы.

Фото: РМК Қазгидромет

Фото: РМК Қазгидромет

Республиканың кей жерлерінде желдің күшеюі, тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Ал оңтүстік бөлігінде кей жерлерде найзағай болуы мүмкін.

Ақмола облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, желдің күшеюі 15-20 м/с күтіледі. Қостанай облысының кей жерлерінде желдің күшеюі 15-20 м/с, түнде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын, жел 15-20 м/с күшеюі ықтимал.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, желдің күшеюі 15-20 м/с, түнде көктайғақ күтіледі. Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерде найзағай, жел 15-20 м/с күшейуі күтіледі.

Алматы, Қызылорда, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды, түнде Атырау, Павлодар облыстарының кей жерлерде тұман, Алматы облысының кей жерелерінде түнде жел 15-20 м/с күшейуі күтіледі.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
1
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір