RU
Павлодарда төрт колледж диплом көшірмесін сатып келген
Жаңалықтар Қоғам

Павлодарда төрт колледж диплом көшірмесін сатып келген

Рассказать Вконтакте

Павлодар облысының төрт техникалық және кәсіби білім беру ұйымдарында дипломның көшірмесі үшін 500 теңгеден бастап, 3000 теңгеге дейін талап еткен деп хабарлайды pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото желіден алынды

Көрнекі фото желіден алынды

"Техникалық және кәсіби кәсіби білім беру құжаттарының көшірмесін беру" ақылы қызметі заңсыз болып табылады. Мемлекеттік немесе жеке меншіктегі колледж екеніне қарамастан, 2015 жылдан бері мұндай қызметтер тегін көрсетіліп келеді", - деді мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі Павлодар облысы бойынша департаментінің мемлекеттік қызметтер басқармасының бас маманы Анелия Каир.

Ең қымбат көшірмелер ИнЕУ колледжінде – үш мың теңге болып шықты. Бұл жерде өткен жылы 22 құжат сатып үлгерген. Ол қаражатты оқу ордасы 2018 жылдың 1-маусымына дейін қайтарады.

Ең төмен баға – Ж.Мұса атындағы Ақсу мемлекеттік колледжінде – 592 теңге. Бұл қызметке 57 адам жүгінген. 34 қызметті пайдаланушыға өз ақшалары қайтарылды.

Қалғандарына 2018 жылдың 1-мамырына дейін кері беріледі. «ҚазтұтынуОдағы» Павлодар экономикалық колледжінде үш айдың ішінде 18 адамға қаражаты қайтарылмақ. Тағы 10 адам өз ақшаларын Павлодар политехникалық жоғары колледжінен алады.

ТжКБ мекемелерінде дипломның көшірмесін беру уақыты 20 күнді құраған. Ол үшін бар-жоғы жеке куәлік пен өтініш беру жеткілікті болған. Анелия Каирдің айтуынша, департаменттің ұйғаруымен білім басқармасының колледждері 108 қызмет пайдаланушыға 100 мың теңгеден астам қайтарылады.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір