RU
Қарағандыда пәтерден шатасқан құтқарушы түнде бөтен үйдің терезесін сындырған
Жаңалықтар Калейдоскоп

Қарағандыда пәтерден шатасқан құтқарушы түнде бөтен үйдің терезесін сындырған

Рассказать Вконтакте

Қарағандыда құтқарушы қызметкердер пәтерлерді шатастырып алып, түн ортасында кездейсоқ басқа адамның үйіне баса көктеп кірген деп хабарлайды "Время" басылымына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото желіден алынды

Көрнекі фото желіден алынды

Зейнеткердің үйіне көмекке келген медициналық қызметкерлер құтқарушыларға хабарласқан. Себебі науқас есікті өздігінен аша алмапты.

Осыдан кейін құтқарушылар полициядан рұқсат алып, зейнеткердің пәтеріне қылтима арқылы кірмек болған.

Алайда түсініспеушіліктің кесірінен, қарияның пәтерін көршісімен шатастырып, басқа үйдің терезесін сындырыпты. Ол үйдің тұрғындары әйнектің сықырлаған дауысынан шошып оянып, қорыққанынан айқайлап жібереді.

Сонымен, құтқарушылар зейнеткердің терезесіне баспалдақ арқылы еніп, медициналық көмекшілерге есікті ашып берген.

Ендіоқиғаға қатысы жоқ болса да, терезесі сынып қалған тұрғындарға оны жөндеп беруге уәде етті.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
2
1
1
0
3
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel