RU
Қостанай облысында уланған төрт сотталушы тіл тартпай кетті
Жаңалықтар Қоғам

Қостанай облысында уланған төрт сотталушы тіл тартпай кетті

Рассказать Вконтакте

Қостанай облысындағы түрмелердің бірінде жазасын өтеп жатқан төрт адам органикалық сұйықтықтан уланып көз жұмды. Тағы алтауын дәрігерлер құтқарып қалды деп хабарлайды Астана телеарнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото желіден алынды

Көрнекі фото желіден алынды

Қайғылы жағдай Құсмұрын кентіндегі УК-161/4 мекемесінде болған. Бір топ сотталушы өндірістік алаңда спирттік негіздегі химиялық өнім ішіпті.

"Біреуі мекемеде қайтыс болса, тағы бір сотталушы Құсмұрын кентіндегі ауруханада көз жұмған. Ал екеуі осы Қостанай облыстық ауруханасында мерт болыпты. Оларды Әулиекөл аудандық ауруханасынан облыс орталығына реанимобильмен жеткізген болатын", - дейді Қостанай облыстық қылмыстық атқару жүйесі департаментінің бөлім басшысы Дамир Махметов.

Департамент өкілдері оқиғаның қарсылық акцияларына қатысы жоғын айтты. Аудандық ішкі істер бөлімі сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастаған.

Ал қылмыстық атқару жүйесі комитеті қызметтік тексеріс жүріп жатқанын хабарлады. Дәрігерлер аман қалған алты адамның жағдайы қалыпты деп отыр. Олар толық сауығып шыққан соң, түзеу мекемесіне қайта оралмақ.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel