RU
Божко тасқын туралы: Айда тұрып жатқан жоқсыңдар ғой
Жаңалықтар Қоғам

Божко тасқын туралы: Айда тұрып жатқан жоқсыңдар ғой

Рассказать Вконтакте

"Айда тұрып жатқан жоқсыңдар ғой". Шығыстағы су тасқынына қатысты қойылған сұраққа мәжіліс депутаты Владимир Божко осылай жауап қайырды. Бұрынғы бас құтқарушының айтуынша, табиғи апаттан құтылу мүмкін емес деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Владимир Божко

Владимир Божко

Божконың төтенше жағдайлар комитетін қорғаштауы бекер емес. Бұл саланы бұрын өзі басқарған. Айтуынша, соңғы екі жылда көптеген су тоспалары салынып, жол жиектері бекітіліп жатыр. Керекті техикалар да жыл сайын жетіліп жатыр.

Шығыстағы су тасқынына байланысты ол жаққа ұшақпен су сорғыш техникалар жеткізілген. "Қазгидромет" те биыл былтырғыға қарағанда жақсы жұмыс істеп келеді екен. Мәселен, соңғы күндердегі ауа райының құбылу жайттары әлдеқайда дұрыс болжанған.

"Сонда не жауын, қар жаумауы керек пе? Әлде далада өрт болмауы керек пе? Өздеріңіз ойланып көріңіздер. Сіздердің ойларыңызша, табиғат ешқандай өзгермеуі керек сияқты. Ал үкімет, министрлік, жергілікті басшылық қалай жұмыс істеп жатыр, қараңыздар", - дейді мәжіліс депутаты Владимир Божко.
Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
10
0
1
0
1
6
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір