RU
Көлік ішіндегі робот: Үш бірдей дипломы бар келіншек таксист болып жүр (видео)
Жаңалықтар Қоғам

Көлік ішіндегі робот: Үш бірдей дипломы бар келіншек таксист болып жүр (видео)

Рассказать Вконтакте

Атырауда үш бірдей орта және жоғары білім дипломының иесі 38 жастағы Шынар Жалханова жеті жылдан бері такси қызметінде жүр деп хабарлайды Ақжайық басылымына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Шынар Жалханова

Шынар Жалханова

Шынар компаниялардың бірінде сату жөніндегі менеджері болып қызмет атқарып жүріп, жұмыстан шығып қалғанан кейін амалсыз көлігімен кісі тасуға шыққанын айтады.

Оның қолында кеден ісі, мұнай-газ саласы және заңгер мамандығы бойынша үш дипломы бар. Бірақ олардың ешқайсысының да пайдасын көрмепті.

"Әрине, бастапқыда ыңғайсызданып жүрдім. Кейін тек түнде шығатын болдым. Бұл мен үшін ыңғайлы: күндіз үйдің шаруасы бар, қызымды қараймын", - дейді Шынар.

Сонымен қатар Шынар жолаушы ер адамдар түрлі сұрақтар қойып, мазалап жататынын да жасырмады.

"Әйел жүргізуші болғаннан кейін ба деймін, жеке басыма қатысты сұрақтарды көп қояды: "Неше балаңыз бар? Жолдасыңыз бар ма?" - оларға бәрі қызық. "Жолдасым бар" десем де сенбейтіндері бар (күлді). "Мен әйелімді бұндай жұмысқа жібермес едім"-дейтіндері болады. Ондай кезде не қарсы сұрақ қоя алмай, не өзімді де қорғай алмай қаламын. Тұтынушым болғаннан кейін, тек үнсіз жеңуге тырысамын", - дейді таксист әйел.

Үш дипломының иегері Шынар Жалханованың сөзінше, мамандығым бойынша жұмыс жұмыс табылып жатса, қызмет істеуге әзір.

"Кейде өзімді осы көлікпен бірге қатып қалған робот сияқты сезінемін. Соған қарағанда, өмірдегі өз орнымда әлі таппадым ба деген ой келеді. Егер мамандығым бойынша жақсы бір жұмыстың реті шығып жатса, өзімді байқап көрер едім", - дейді ол.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
0
0
2
1
9
6
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір