RU
Кілттер күзетшінің қолында: Астанадағы ірі сауда орталықтары қаншалықты қауіпсіз?
Жаңалықтар Қоғам

Кілттер күзетшінің қолында: Астанадағы ірі сауда орталықтары қаншалықты қауіпсіз?

Рассказать Вконтакте

Кемероводағы қайғылы оқиға қазақстандықтарды да бей-жай қалдырмады. Қара жамылғандар отбасына елбасы көңіл айтты. Осыдан кейін еліміздегі сауда орталықтарының қауіпсіздік жағдайы көпшілікті алаңдата бастады деп хабарлайды 31 арнаға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Видеодан кадр: 31 арна

Видеодан кадр: 31 арна

Телеарна қызметкерлері Астана қаласындағы ірі сауда орындарының қауіпсіздігін "тексеріп" көрген. Нәтижесінде, ондағы жағдайдың мәз еместігі анықталып отыр.

Сауда орындарының бірінде қызметкер апаттық жолдың кілтін төрт рет байқап көріп, әзер ашқан. Осыдан келіп туындайтын заңды сұрақ: "Төтенше жағдай бола қалса, жүздеген адамның өмірі бір күзетшінің қолына қарайды ма?"

Видеодан кадр: 31 арна

Видеодан кадр: 31 арна

ҚР ІІМ вице-министрі Юрий Ильиннің айтуынша, Қазақстандағы көптеген сауда орталықтарында апаттық жағдайдағы жолдар мәселесі өзекті болып отыр. Онда күзетшілер аз болғандықтан, көптеген есіктерді құлттап қоятын көрінеді.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
2
7
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel