RU
Сүйіктісінің алдында тізерлеген отандық актер өзін сынағандарға жауап берді
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Сүйіктісінің алдында тізерлеген отандық актер өзін сынағандарға жауап берді

Рассказать Вконтакте

Інісінің үйлену тойында сүйіктісіне ұсыныс жасаған Артур Төлеповті тізерлегені үшін көпшілік сынға алған еді. Алайда бұл сөздерге актер «Айта берсін» бағдарламасында жауап қайтарды деп хабарлайды NUR.KZ.

Сүйіктісінің алдында тізерлеген Артур Төлепов өзін сынағандарға жауап берді. Фото: darplay.kz

Сүйіктісінің алдында тізерлеген Артур Төлепов өзін сынағандарға жауап берді. Фото: darplay.kz

«Тойға дайындық керемет. Жазда болады, бұйырса. Сүйіктіме үш айдан соң ұсыныс жасадым. Тойда танысқан болатынбыз. Ол мен барған мейрамханада администратор болып жұмыс жасайды екен. Мен шәйді сылтауратып, әйтеуір номер алмастық. Келесі күні Америкаға ұшамын деген жоспарым да жайына қалды», - дейді актер.

Сондай-ақ ол інісінің тойында ұсыныс жасаймын деген ой болмағанын айтты.

«Жасым 27-де. Мұндай сезімді бірінші рет бастап өткіздім. Ұсынысты да аяқ астынан жасадым. Жүзік те дайын емес еді. Сөйтсем сол күні зергер досым той маған да жұғысты болсын деп арнайы сақина жасап алып келіпті. Бұйыртқаны ғой».

«Осы ер жігіттер неге тізерлейді? Мені сүйіктісінің алдында тізерледі деп кінәлағандар да бар екен. Енді осыған жауап берейін. Кез-келген қыздың алдында тізерлемейсің ғой. Тек болашақ жарымның алдында ғана. Мен неге болашақ балаларымның анасының алдында тізерлемеймін? Әрбір қыз – ол болашақ ана. Керек болса, тағы да тізерлеймін», - деді Төлепов.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
12
0
0
1
1
19
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel