RU
Бала күнгі суретін жариялаған Бағлан Әбдірайымов көпшілікті күлкіге қарық қылды (фото)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Бала күнгі суретін жариялаған Бағлан Әбдірайымов көпшілікті күлкіге қарық қылды (фото)

Рассказать Вконтакте

«Жігіттер» тобының мүшесі Бағлан Әбдірайымов өзінің бала күнгі суретін жариялап, жұртты күлкіге қарық қылды деп хабарлайды NUR.KZ.

Бала күнгі суретін жариялаған Бағлан Әбдірайымов көпшілікті күлкіге қарық қылды. Фото: Instagram

Бала күнгі суретін жариялаған Бағлан Әбдірайымов көпшілікті күлкіге қарық қылды. Фото: Instagram

Әнші Instagram парақшасына суретін салып, астына жазба қалдырды. Ол өзінің әншілік жолға қалай түскенін баяндап берді.

"Әнші боламын деп ойламадым. Оныншы сыныпта бір ән, екі терме жаттап алдым. Сол репертуармен біраз жерге барып, өнердегі достарымды таптым. Мектеп бітірсем спортқа немесе журналистикаға оқуға түсем деп ойлайтынмын. Мектеп бітірер уақытта әкем авария жасап, ауруханаға жатты. Қасында шәй тамағын беріп көмектесіп жүрдім. Құжат тапсыруға аз уақыт қалғанда орныма анам келіп, мені қалаға жіберді. Шымкентке келіп, Әуезов университетіне уйдегілердің, туыстардың ақылымен өнерге құжат тапсырдым. Сұрақтарға дайындалып жүріп, шығармашылық емтихан тапсырдым".

"Сол білетін екі - үш әнімді айтып ең жоғарғы бал алдым. Келесі эмтихан қазақ тілі, тарих, орыс тілінен де жоғарғы ұпай жинадым. Жалпы қорытынды бойынша үшінші талапкер болып грантқа оқуға түстім. Төлеп оқитын бізде мүмкіндік жоқ еді. Құдайдың қарасқаны ғой. Әйтпесе өнерге түсем деп ойламадым. Оқуға түсті деген сертификатты алып ауылға тайдым. Жақсы хабарды естіген әкем алдымнан балдақпен күтіп алды. Содан не керек, күзде оқуға дайындалып жүрдім. Ойламаған жерден бөлеммен ілесіп шашымды лезбімен сыпырып тастаттым. Екі - үш күннен соң "көк" тықыр баспен оқуға кеттім", - деді әнші.

Ал желі қолданушылары болса «Ой, шіркін», «Жалғасы қайда?» деп өздерінің күлкіге қарық болғандарын жасырмады.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
0
11
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel