RU

Сағынтаев: Кемероводағы трагедия бізге сабақ болуы тиіс

Үкімет отырысында Бақытжан Сағынтаев Ресейдің Кемерово қаласындағы оқиға туралы пікір білдіріп, оның бізге сабақ болуы керектігін айтты деп хабарлайды NUR.KZ.

"Бұл трагедия бізге сабақ болуы керек. Оны бүкіл әлем талқылап жатыр. Осындай қайғылы оқиға біздің елімізде де орын алмас үшін қажетті шараларды қолдануымыз керек. Асқар Ұзақбайұлы, бақылауыңызға алңызы", - деді Сағынтаев.

Еске салсақ, Ресейдің Кемерово облысындағы сауда орталықтарының бірінде 25 наурыз күні өрт шығып, 64 адам қаза тапты.

Осыған байланысты, Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының президенті Владимир Путинге көңіл айту жеделхатын жолдады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1723313-sagyntaev-kemerovodagy-tragedia-bizge-sabak-boluy-tiis.html