RU
Қазақстанда тұңғыш рет елдегі діни экстремистік топтар туралы телехикая түсірілді
Жаңалықтар Кино и ТВ

Қазақстанда тұңғыш рет елдегі діни экстремистік топтар туралы телехикая түсірілді

Рассказать Вконтакте

2018 жылдың 31 наурыз-1 сәуір аралығында «КТК» телеарнасында көп сериялы «Красный уровень» телевизиялық фильмнің тұсаукесері көрсетіледі. Фильмнің сюжеті арнайы қызметтер мен Астанада лаңкестік шабуыл жасамақ болған діни экстремистік топ арасындағы қақтығысқа негізделген.

Қазақстанда тұңғыш рет елдегі діни экстремистік топтар туралы фильм түсірілді

Қазақстанда тұңғыш рет елдегі діни экстремистік топтар туралы фильм түсірілді

Бұл ұлттық қауіпсіздік пен отбасылық құндылықтар туралы, әлсіз бен әлдінің және қазіргі қазақстандық қоғамның алдында тұрған нақты проблемалары туралы сериал.

Фильмнің сюжеті соңғы жылдары Қазақстанда болған қайғылы оқиғаларға негізделген. Бас кейіпкер, ҰҚК-нің тергеушісі Ернар Есенгелдиев бірқатар қатыгез қылмыстарды тергеп жүріп кенеттен экстремистік топтың ізіне түседі. Бұл топтың Қазақстан астанасында бірден бірнеше террорлық шабуыл жасауды жоспарлағаны мәлім болды.

Мыңдаған бейбіт азаматтардың өміріне қауіп төнді. Сонымен бірге майор Есенгелдиевтің жеке өмірінде де дағдарыс туып, ең жауапты сәтте ол сатқындыққа тап болады.

«Красный уровень» авторлары детективтік сериал ғана түсіру міндетін қойған жоқ. Фильмде күрделі де қиын, сонымен бірге Қазақстанға өзекті діни экстремизм тақырыбы қозғалған. Соңғы жылдары Қазақстанда болған қайғылы оқиғалардың себептері қандай? Қазақстан халқын лаңкестік қауіптен кім қорғайды және жымысқы топтардың қолындағы қаруына айналып кетпеудің жолы бар ма? Кешірілмес қателік жасаған адам қайтар жолын таба ала ма?

Фильмдегі басты рөлді қазақ киносының жұлдызы Берік Айтжанов сомдайды («Анаға апарар жол», «Аманат», «Жаужүрек мың бала», «Возвращение в А»). Сондай-ақ, Тәуекел Мүслім («В поисках мамы», «Все из-за мужиков»), Сая Оразғалиева («Вузеры», «Ғашық жүрек»), Филипп Волошин («Кто вы, господин Ка?», «Младший брат»), Нышанбек Жұбанаев («Холостяк», «Песня птиц») қатысқан.

Қоюшы-режиссер ресейлік Валерий Мызников «Глухарь» және «Знаки судьбы» сериалдарымен танымал.

«Красный уровень» телехикаясын «КТК» телеарнасы ҚР Ақпарат және байланыс министрлігінің тапсырысымен «STRANA media team» продакшн-орталығымен бірлесіп түсірді.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
2
0
0
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel