RU

Ел көзінен таса болған Маржан Сұлтанбайды қайта көрген жұрт қуанып қалды (фото)

Белгілі тележүргізуші, "Шіркін Life" реалити-шоуы арқылы ел есінде қалған Маржан Сұлтанбай желіде өз парақшасын ашып, оқырмандарын қуантты деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Сурет: stan.kz
Сурет: stan.kz: UGC

Тележүргізушінің әлеуметтік желіде парақша ашқанын алғаш болып, оның әріптесі Иса Азамат жариялады. Ол:

"Маржан қыз инстаға оралғанда, сіздерді хабардар етемін деп уәде бергенмін. Қарсы алыңыздар, жазылыңыздар, оқыңыздар", - деп жазба қалдырып, Маржан Сұлтанбай, Тұрсынбек Қабатовпен бірге түскен суретін өз парақшасына жүктеп қойды.

Танымал тележүргізушінің парақшасына әп сәтте-ақ, оқырмандар мыңдап жазылады бастады. Ал, кеше Маржан Сұлтанбайдың өзі:

"Сіз айтқандай жоғалып кеткен жоқпын, бармын мен. Тек өзімнің әлемімде" , - деп өз суретін жүктеп те үлгерді.
Фото Маржан Сұлтанбайдың instagram парақшасынан алынды
Фото Маржан Сұлтанбайдың instagram парақшасынан алынды: UGC

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1723325-el-kzinen-tasa-bolgan-marzan-sltanbajdy-kajta-krgen-zrt-kuanyp-kaldy-foto.html