Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жұлдыздар «Қалың малсыз» қыз алуға қалай қарайды?

Опубликовано:

Салт-дәстүр бойынша қызға қалың мал алып бару күйеу жағына міндеттеледі. Алайда елімізге белгілі актриса Құралай Анарбекова «қалың малсыз» да тұрмысқа шығуға әзір екенін жеткізді деп хабарлайды «Ревю» бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Жұлдыздар «Қалың малсыз» қыз алуға қалай қарайды? Фото: NUR.KZ
Жұлдыздар «Қалың малсыз» қыз алуға қалай қарайды? Фото: NUR.KZ: UGC

Сонымен қатар өнер саласында жүрген ер-азаматтар да бұл салтқа байланысты өз пікірін айтты.

«Ондай уақыт өтіп кетті деп ойлаймын. Жаңағы қалың мал берсін, киттесейік деген. Ондай уақыт өтіп кетті», - дейді актриса.

Ал актер Олжас Әлжанов: «Қалың мал деген енді біздің солтүстік жақта жоқ деп естігем. Оңтүстіктен қыз алып жатсақ, төлеу керек болса төлейміз. Егер де керек емес болса, бізге жақсы», - дейді.

Бірақ Дидар Кәден әріптесінің бұл пікірімен келіспейді. Ол өзінің салт-дәстүрді қатты ұстанатынын алға тартты.

«Мен өзім салт-дәстүрді ұстанатын адаммын да. Сондықтан қандай болмасын, мен сол салт-дәстүрмен аламын. Төлеу керек болса, төлеймін», - деді ол.

Айта кетейік, қызға қалың мал төлеу дәстүрі еліміздің кейбір өңірінде жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1723329-zldyzdar-kaly-malsyz-kyz-aluga-kalaj-karajdy/

pixel