RU
БАҚ: Кемероводағы алапат өртте павлодарлық тұрғын қайтыс болды
Жаңалықтар Қоғам

БАҚ: Кемероводағы алапат өртте павлодарлық тұрғын қайтыс болды

Рассказать Вконтакте

Кемеровода орын алған жантүршігерлік өртте 57 жастағы павлодарлық Марина Баранова қайтыс болған деп хабарлайды Время басылымына сілтеме жасаған NUR.KZ.

БАҚ: Кемеревода орын алған алапат өртте павлодарлық тұрғын мерт болған

БАҚ: Кемеревода орын алған алапат өртте павлодарлық тұрғын мерт болған

Басылымның мәліметінше, зейнеткер Кемеревоға сонда тұратын қызы мен үш немересін көріп қайту үшін барған екен. Олардың барлығы да алапат өртте көз жұмған.

Аталған ақпаратты "Павлодар-Водоканал" ЖШС мамандары да растап отыр. Олардың айтуынша, Марина Баранова соңғы 12 жыл бойы аталмыш компанияда қызмет етіп келген екен.

"Өте ашық, ақкөңіл жан еді. Олар жолдасымен бірге үш бала тәрбиелеп, өсірді. Әрине, әлі күнге дейін ес жия алмай отырмыз, мұндай сұмдық ешкімнің басына түспесе екен деп тілейміз", - дейді фирма басшысы Светлана Андреева.

Айта кетерлігі, 57 жастағы павлодарлық тұрғынды Кемеровада жерлейді екен. Марқұммен қоштасу күні 28 наурызда өтеді деп күтіліп отыр.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
1
2
15
3
1
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel