RU

Путин: Кемероводағы өрт салақтықтан шыққан

Ресей президенті Владимир Путин 27 наурыз күні таңертең Кемерово қаласына ұшып барды. Ол өртенген "Зимняя вишня" сауда орталығында құрбан болғандарды еске алатын орынға гүл қойды деп хабарлайды Азаттыққа сілтеме жасаған NUR.KZ.

Путин сауда орталығындағы өрттен қаза тапқандарды еске алатын орынға гүл қойып тұр. Фото: Азаттық
Путин сауда орталығындағы өрттен қаза тапқандарды еске алатын орынға гүл қойып тұр. Фото: Азаттық: UGC

Путин қайғылы оқиғаға "салақтық пен ұқыпсыздық" себеп екенін мәлімдеп, "ақшасыз анықтама алу мүмкін емесін" және "ақшаға кез-келген құжатқа қол қойдырып алуға болатынын" айтты.

"Бұл әскери іс-қимыл емес, шахтадағыдай кенеттен метан жиналып қалатын оқиға емес қой. Тұрғындар мен балалар демалуға барды. Біз демография туралы айтамыз, ал осыншалықты адамнан неге айырылып отырмыз? Бұл қылмыстық салақтықтан, немқұрайлылықтан болып отыр", - деді Путин.

Еске сала кетейік, "Зимняя вишня" сауда және ойын-сауық орталығында өрт 25 наурыз күні күндіз басталған. Ресей Тергеу комитетінің мәліметі бойынша, өрттен 64 адам қаза тапты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1723341-putin-kemerovodagy-rt-salaktyktan-sykkan.html