RU
Кемероводағы трагедия: Жұрт Аман Төлеевтің отставкаға кетуін талап етуде (фото)
Жаңалықтар Әлемде

Кемероводағы трагедия: Жұрт Аман Төлеевтің отставкаға кетуін талап етуде (фото)

Рассказать Вконтакте

Ресейдегі Кемерово тұрғындары өз наразылықтарын білдіріп, облыстық әкімшілік алдына митингке шықты. Оған шамамен төрт мыңға жуық адам қатысқан деп хабарлайды Mash Тelegram каналына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: telegram/breakingmash

Фото: telegram/breakingmash
Source: UGC

Кемерово тұрғындары осы облыстың губернаторы Аман Төлеевтің отставкаға кетуін ашық түрде талап етіп отыр. Әкімшілік алдында жиналған мыңдаған халықтың арасында қайғылы оқиғада қаза тапқандардың туысқандары да бар.

Олар алпауыт өрт кесірінен қаза тапқандардың шынайы санын білгілері келетінін айтты.

Еске сала кетейік, 25 наурыз күні "Зимняя вишня" сауда және ойын-сауық орталығында шыққан өрттен Ресей Тергеу комитетінің мәліметі бойынша, өрттен 64 адам қаза тапқан.

Ал кешелі бері, интернет желісіне оқиғадан қаза тапқан жүздеген адам туралы ақпарат тарап кеткен болатын.

Сіздің реакцияңыз
4
1
4
7
2
7
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel