RU
Ернар Айдар науқас қызға қаржылай көмек көрсетті (фото, видео)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Ернар Айдар науқас қызға қаржылай көмек көрсетті (фото, видео)

Рассказать Вконтакте

Ернар Айдар өзінің кішкентай тыңдарманының жанына батқан дертімен күресуіне қолдау көрсетті. Өзінен көмек сұраған ата-ананың үйіне барған әнші, оларға керекті заттарын алып берді деп хабарлайды NUR.KZ.

Ернар Айдар науқас қызға қаржылай көмек көрсетті (фото, видео). Фото: Instagram

Ернар Айдар науқас қызға қаржылай көмек көрсетті (фото, видео). Фото: Instagram

Әншінің фан парақшаларының бірінде бұл жайында суреттер мен видеолар пайда болды.

Ернар Айдар өз парақшасына жазған әрбір пікірді мұқият оқитынын айтты. Сондай-ақ ол науқас қызға қымбат медициналық аппаратты сыйға тартты.

«Сіздердің жазғандарыңызды пікірлер арасынан байқап қалдым. Бұйырса қыздарыңыз жүгіріп кетейін деп тұр ғой. Бір жағынан сіздерге көңіл-күй сыйлайын деп келдім», - деген әнші сыйлығын тапсырды.
Ернар Айдар науқас қызға қаржылай көмек көрсетті (фото, видео). Фото: Instagram

Ернар Айдар науқас қызға қаржылай көмек көрсетті (фото, видео). Фото: Instagram

«Мұсылман бауырының қажетін өтеп берген адамға жазылатын сауап көп. Біреуге пайдамыз тимесе, зиянымыз тимесін деп жүретін Ернар сол үрдісінен жаңылмай жаны жайсаң тыңдармандарын бүгін бейресми қуантты. Сіз қуантыңыз. Сізді де қуантады. Жақсы істер тізбегін жалғастырайық, бауырлар. Шамамыз жеткенше мұқтаж жандарға жəрдемдесе жүрейік. Әр қазақ менің – жалғызым» деп жазылды Instagram парақшада.

Ал желі қолданушылары әншіге ризашылықтарын білдіріп, алғыс айтты.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
4
19
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір