RU
Наурыз туралы сұраққа жауап таппаған шымкенттік шенеунік ұятқа қалды
Жаңалықтар Қоғам

Наурыз туралы сұраққа жауап таппаған шымкенттік шенеунік ұятқа қалды

Рассказать Вконтакте

Шымкент әкімінің идеология жөніндегі орынбасары Қайрат Нұртай Наурыз мерекесіне қатысты қойылған сұраққа жауап таппай, ұятқа қалды деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Түймебаевтың орынбасары

Оңтүстік өңірінде өткен «Наурыз Қазығұрттан басталады» шарада сөз сөйлеген аймақ басшысы Түймебаев Ұлыстың ұлы күні биыл отызыншы рет тойланып отырғанын айтып, мерекенің маңыздылығына тоқталған болатын.

Шымкенттік шенеунік бұл шараға қатысқанымен, әкімнің ол сөзін "естімедім" деп, тіпті не үшін отызыншы рет тойланып отырғанын білмейтінін ашып айтты.

«Наурыз ежелден ата-бабамыздан келе жатқан мейрам, жылда тойланып келе жатқан іс шара. Отызыншы рет тойланып отыр дегенді естіген жоқпын, есімде жоқ. Білмейді екенмін оны...», - деп жауап берді шымкенттік шенеунік Қайрат Нұртай.

Ақпарат ретінде айта кетейік, 1926 жылы Кеңес Үкіметі Наурыз мейрамын тойлауға тыйым салғаны белгілі.

Араға 62 жыл салып бұл мереке қоғам қайраткері Мұхтар Шахановтың Колбинге жазған хатынан соң қайта тойлана бастады.

Осылайша биыл Ұлыстың ұлы күні мемлекеттік деңгейде отызыншы рет аталып өтті.

Хотите быть всегда в курсе самых интересных событий?
Подписывайтесь на наш канал в Telegram!
Сіздің реакцияңыз
14
1
0
1
2
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір