RU
Астана 500 миллион доллар талап еткен АҚШ сотына шағым жазбақшы
Жаңалықтар Қоғам

Астана 500 миллион доллар талап еткен АҚШ сотына шағым жазбақшы

Рассказать Вконтакте

Қазақстанның Әділет министрлігі АҚШ сотының молдовалық бизнесменнің ел үкіметінен 520 млн АҚШ долларын өндіріп алу туралы арбитраждық шешімін қайта қараудан бас тарту жөніндегі шешімінің үстінен шағым түсірмек деп хабарлайды centralasian.org-қа сілтеме жасаған NUR.KZ.

Сурет: azattyk.org

Сурет: azattyk.org

Қазақстан молдовалық инвестор Анатолий Стати мен оның ұлы Габриэль Стати және олардың компаниялары Ascom Group және Terra Raf Trans Trading қатысты сот істеріне осымен бірнеше жыл қатарынан тартылып келеді.

Айта кетерелігі, бұған дейін шетелдік бизнесмен Қазақстаннан 4 млрд АҚШ долларын қайтаруды талап етіп, сотқа шағым түсірген еді. Осылайша, 2013 жылдың желтоқсан айында Стокгольмде арбиртраждық төрелік Астана оған 500 млн доллар көлемінде өтемақы төлейді деген шешім шығарған еді.

Ал, Қазақстан болса, өз кезегінде, аталған соманы төлеуден бас тартып, Вашингтонның аймақтық сотына кәсіпкерлер мен оның екі компаниясы үстінен шағым түсірген еді.

Бүгінде, министрліктің мәліметінше, АҚШ-тың Колумбия өңірі бойынша аймақтық соты Анатолий Статидің өтініміне қатысты «арбитраждық шешімді мәжбүрлі түрде орындау» туралы шешімді 23 наурызда қабылдаған.

«Бұл ретте АҚШ-тың аймақтық соты Қазақстанға өз мүддесін қорғау мақсатында, алаяқтық туралы дәлелдерді ұсынуға мүмкіндік бермеді. Сол себепті, Қазақстан аталған шешімнің үстінен шағым түсірмек»,-деп жазылған хабарламада.

Айта кетерлігі, Қазақстанның мұнай-газ саласына инвестиция құйған Стати, ел үкіметін аталған салаға қаржы тартқаны үшін, тым аз көлемдегі қаражат алуға мәжбүрледі деген айып таққан еді. Десе де, Астана бұл айыптауларды жоққа шығарып отыр.

Аталған істегі атышулы оқиғалардың бірі – былтырғы жылдың аяғында Нью Йорк банкінің Қазақстанның Ұлттық қорына тиесілі 22 миллиард АҚШ долларын бұғаттау ісі болған еді. Бұл шешім Стати мен Қазақстан үкіметі арасындағы сот талқылауы аясында қабылданған-ды.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
2
1
0
1
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір