RU
Әжетханаға түсіп кеткен iPhone-ды алғысы келген үш адам ажал құшты
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Әжетханаға түсіп кеткен iPhone-ды алғысы келген үш адам ажал құшты

Рассказать Вконтакте

Өзбекстанның Наманган облысында әжетханаға түсіп кеткен iPhone-ды алып шықпақ болған үш адам уланып өлді. Бұл туралы Sputnik Қазақстан агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Әжетханаға түсіп кеткен iPhone-ды алғысы келген үш адам ажал құшты

Әжетханаға түсіп кеткен iPhone-ды алғысы келген үш адам ажал құшты
Source: UGC

Оқиға жексенбі күні, 25 наурызда болған. Сағат 22:00-де жергілікті тұрғын Б.Рахматов үйінің ауласындағы әжетханаға ұялы телефонын түсіріп алған.

Ол телефонды алып шығу үшін көршісі Э.Ниязовты шақырып келген, Рахматов оның көмегімен шұңқырға түсіп, сол жерде есінен танып қалады.

Жолдасына көмектесу үшін соңынан түскен көршісі де улы газдан есінен танған. Ес-түссіз жатқан жігіттерді құтқаруға Рахматовтың әкесі келеді. Алайда ол да газдан уланып қалған.

Оқиға орнына жеткен ТЖМ қызметкерлері шұңқырдан үш адамды шығарады. Ниязов пен Рахматов сол жерде көз жұмған, ал трагедияға кінәлінің әкесі ауруханаға жеткізілген.

Өкінішке қарай, Рахматов ауруханада есін жимастан қаза болды.

Сіздің реакцияңыз
0
4
13
22
2
5
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel