Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Пәкістанда алғаш рет трансгендер-әйел тележүргізуші атанды

Опубликовано:

Пәкістандық журналист Марвия Мәлік Kohenoor телеарнаcында жүргізуші болып жұмыс істейді. Ол пәкістандық телевизия саласында жұмысқа қабылданған алғашқы трансгендер-әйел болды деп хабарлайды news.liga.net-қа сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: indiatimes.com
Фото: indiatimes.com: UGC

Мамандығы бойынша журналист болғанымен, бұған дейін Марвия модель болып қызмет атқарған. Ол өзінің жаңа жұмысымен Пәкістандағы трансгендерлердің өмірлерін жақсарта алатынына үлкен үміт артады.

23 наурыз күні ол алғаш рет тікелей эфир жүргізді. Бағдарлама тізгінін ұстамай тұрып, журналист үш айлық оқу барысында үлкен дайындықтан өткен көрінеді.

Kohenoor арнасының басшысы Джунаид Ансари өз кезегінде, Марвияны трансгендерлік ерекшеліктер есебінен емес, кәсіби деңгейін ескере отырып алғанын айтты.

Айта кетейік, Пәкістанда трансгендерлер жұмыссыздықтан зардап шегуде. Қарапайым халық оларды қабылдамағандықтан, трансгендерлер көше безіп қайыр тілеп не болмаса жезөкшелікпен айналысуға мәжбүр болып отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1723363-pkistanda-algas-ret-transgender-jel-telezrgizusi-atandy/

pixel