RU
Қазақстанда тұңғыш діни экстремистік топтар туралы телехикая көрсетілімге шықпақшы
Жаңалықтар Кино и ТВ

Қазақстанда тұңғыш діни экстремистік топтар туралы телехикая көрсетілімге шықпақшы

Рассказать Вконтакте

Қазақстанда тұңғыш діни экстремистік топтар жайлы телехикая жарыққа шықпақшы. «КТК» арнасы 31 наурыз бен 1 сәуір аралығында «Красный уровень» телехикаясының тұсауын кеседі деп хабарлайды NUR.KZ.

Қазақстанда тұңғыш діни экстремистік топтар туралы телехикая көрсетілімге шықпақшы. Фото: NUR.KZ

Қазақстанда тұңғыш діни экстремистік топтар туралы телехикая көрсетілімге шықпақшы. Фото: NUR.KZ
Source: UGC

Телехикаяның сюжеті соңғы жылдары Қазақстанда болған қайғылы оқиғаларға негізделген. Бас кейіпкер ұлттық қауіпсіздік қызметкері, тергеуші Ернар Есенгелдиев бірқатар қатыгез қылмыстарды тергеп жүріп, кенеттен экстремистік топтың ізіне түседі. Бұл топтың Қазақстан астанасында бірден бірнеше террорлық шабуыл жасауды жоспарлағаны мәлім болады.

Айта кететіні, аталмыш телехикаяда елімізге белгілі өнер иелері рөл сомдайды. Олардың арасында Тәуекел Мүсілім, Берік Айтжанов, Сая Оразғалиева сынды танымал актерлер бар.

Туындының режиссері Валерий Мызниковтың айтуынша, бұл еліміздегі арнайы қызметкерлер жайлы тұңғыш түсірілім.

«Бұл телехикаяда соғыс та, экшн жанры да болмайды. Мұнда жастармен, халықпен жұмыс жасау арқылы, қалай эктремистік топтарды өсіруге болатыны жайлы оқиға өрбиді. Сондай-ақ ланкестік әрекеттерді әшкерелеп, ақ-қарасын ажырататын бас кейіпкеріміздің тағдыры жайлы да біле аласыздар», - деді режиссер.

Қазақстанда тұңғыш діни экстремистік топтар туралы телехикая көрсетілімге шықпақшы

Қазақстанда тұңғыш діни экстремистік топтар туралы телехикая көрсетілімге шықпақшы
Source: UGC

Ал бас кейіпкерді сомдайтын Берік Айтжанов ұлттық қауіпсіздік қызметкері, тергеуші болып қызмет атқарады.

«Мен бұл рөлімде ланкестік әрекеттерді бақылауына алған тергеуші болып ойнаймын. Әрине, дайындыққа біраз уақыт кетті. Менің кейіпкерім өз ісінің маманы болғанымен, отбасы, балалары бар қарапайым адам. Оларға да осындай оқыс оқиғалармен жұмыс жасау оңайға соқпайтыны анық. Мен бірнеше адаммен танысып, жасаған істеріне басымды идім», - дейді Айтжанов.
Қазақстанда тұңғыш діни экстремистік топтар туралы телехикая көрсетілімге шықпақшы

Қазақстанда тұңғыш діни экстремистік топтар туралы телехикая көрсетілімге шықпақшы
Source: UGC

Ал үнемі секс-символ рөлінде жүретін Тәуекел Мүсілім бұл жолы мемлекеттің тыныштығына жауапты қызметкер болмақ.

«Осы жолы мен қарапайым қызметкер болмақпын. Бірақ бұл менің бұрыннан арманым еді. Атыс-шабыс, төбелестің ортасында ойнағым келетін. Кейіпкерімді сомдап шығу оңай болмады. Бірақ сала мамандары маған көп көмек көрсетті», - деді актер.

Жоба барысын ұлттық қауіпсіздік қызметкерлері бақыласа, қарумен арнайы жұмыс жасаған ұжым да телехикаяға атсалысқан. Олар түсірілімнің қатерсіз өтуін қамтамасыз етіпті.

Қазақстанда тұңғыш діни экстремистік топтар туралы телехикая көрсетілімге шықпақшы

Қазақстанда тұңғыш діни экстремистік топтар туралы телехикая көрсетілімге шықпақшы
Source: UGC

«Красный уровень» телехикаясында теріс жолдағы кейіпкерді сомдайтын Нышанбек Жұбанаевтің өзі кезінде тура жолдан адаса жаздапты.

«Мен бес жылдан бері намаз оқимын. Өзімді тура жолда деп есептеймін. Білесіз біраз уақыт бұрын, мешітте екінші бір адаммен сөйлесіп отырып, тура жолдан ауытқып бара жатқанымды сездім. Әйтеуір сылтау айтып, оның ұсынысынан бас тарттым. Оқыдым, білемін деген менің өзімнің басым айналып қалды. Ал дін жолына енді түскен жастарды ойлай беріңіз. Олар шалыс қадам басқанын аңдамай да қалады. Құранды білмеген адамға адасу оңай», - деп ағынан жарылды Жұбанаев.
Қазақстанда тұңғыш діни экстремистік топтар туралы телехикая көрсетілімге шықпақшы

Қазақстанда тұңғыш діни экстремистік топтар туралы телехикая көрсетілімге шықпақшы
Source: UGC

Ал жаңа туындыда тергеушінің жары болып ойнау Сая Оразғалиеваға бұйырған.

«Маған рөлім аса қиындыққа түспеді. Себебі, өмірде де тергеушінің келіншегі болғанмын. Олардың алдында отбасы немесе жұмыс деген таңдау тұрады. Сондықтан да мен өз өмірімде бұл таңдауға шыдай алмадым. Бірақ өткеннің оқиғасы ғой. Рөлімді жақсы алып шықтым деп ойлаймын», - деді ол.

Айта кетейік, «Красный уровень» телехикаясын «КТК» телеарнасы ақпарат және байланыс министрлігінің тапсырысымен «STRANA media team» продакшн-орталығымен бірлесіп түсірген.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
1
5
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel