RU
ІІМ Кемероводағы өрттен кейін еліміздегі барлық сауда орындарын тексеретін болды
Жаңалықтар Қоғам

ІІМ Кемероводағы өрттен кейін еліміздегі барлық сауда орындарын тексеретін болды

Рассказать Вконтакте

Үкімет отырысынан кейін Ішкі істер министрлігіне қарасты Төтенше жағдайлар комитеті төрағасының орынбасары Владимир Беккер Кемероводағы қайғылы жағдайдан кейін еліміздегі барлық сауда орталықтарын тексерілетінін мәлім етті деп хабарлайды Baq.kz.

ІІМ Ресейдегі өрттен кейін еліміздегі барлық сауда орындарын тексеретін болды

ІІМ Ресейдегі өрттен кейін еліміздегі барлық сауда орындарын тексеретін болды

Алдымен аталған комитет төрағасының орынбасары еліміздегі барлық сауда орталықтарын тексерістен өткізу жоспарланып отырғанын жеткізді.

«Бізде барлық сауда орындары тексеру жоспарланған. Елімізде шамамен 1151 сауда орталығы бар. Биыл барлығы тексерістен өтеді. Кемероводағы қайғылы оқиғаны ескеріп, мен эвакуация жолдарының, өртті анықтау жүйесі мен қауіпсіздікті қамтамасыз ету жағдайына ерекше көңіл бөлуді тапсырдым», - деді ол.

Сонымен қатар, Владимир Беккер тексеріс барысында қосымша есіктері жабық сауда орталықтарына қандай әкімшілік шара қолданылатынын айтты.

«Әкімшілік айыппұл 50 АЕК немесе 120 250 теңгені құрайды. Әр есік үшін айыппұл салмаймыз. Тексеріс барысында әкімшілік хаттама толтырылады, барлық заң бұзушылық соған тіркеліп, әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Егер екінші тексеріс кезінде жасалған ескерту орындалмаса, материалар сотқа жолданады. Ол кезде айыппұл мөлшері өсіп, 100 АЕК-ті құрайды немесе нысанның қызметі уақытша тоқтатылуы мүмкін. Былтыр мұндай шараны 21 рет қолдандық», - деді орынбасар.

Сондай-ақ, ол азаматтар сауда орталықтарында қосымша есік жабық болса, тиісті органға арыз жазу қажеттігін жеткізді.

«Фото, видео жақсы әрине. Бірақ жазбаша арыз қажет. Заңнамамен бекітілген регламент бар. Біз қазір осы жүйемен жұмыс істеп жатырмыз. Тексерісті қатаңдату үшін бірқатар ұсыныс дайындап қойдық, ҰЭМ-ге бастамамен шыққымыз келеді. Жоспарлы тексеріс не екенін сіздер жақсы білесіздер. Кәсіпкер тексеріс жоспарына енгізілгенін көреді. Оның үстіне, біз бір ай бұрын тексеріс үшін келетінімізді хабарлаймыз. Әрине олар дайындалады. Біздің алдымызда сауда нысандары қожайындарының жауапкершілігін көтеру міндеті тұр», - деді Владимир Беккер.

Сөз соңында комитет төрағасының орынбасары сауда орталығындағы өрт қауіпсіздігінің сақталуына мемлекеттік инспектор емес, сол нысанның қожайыны алаңдауы қажет екені жеткізді.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
3
1
0
1
1
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel