RU
"Канелоның" орнына Головкиннің қарсыласы Сондерс болуы мүмкін бе?
Жаңалықтар Әлемде

"Канелоның" орнына Головкиннің қарсыласы Сондерс болуы мүмкін бе?

Рассказать Вконтакте

Орта салмақтағы WBO белбеуінің иегері Билли Джо Сондерс (26-0, 12 КО) допингпен ұсталып қалған мексикалық Сауль "Канело" Альварестің (49-1-2, 34 КО) орнына осы салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкинмен (37-0-1, 33 КО) кездесуге дайын. Бұл туралы британдық боксшының промоутері Фрэнк Уоррен айтты.

Сондерс "Канелоның" орнына Головкинмен кездесуге дайын екенін мәлімдеді

Сондерс "Канелоның" орнына Головкинмен кездесуге дайын екенін мәлімдеді

"Бұл допингке қатысты жағдайдан кейін Альвареске қандай да бір жаза қолданылады деп сенемін, Сонымен қатар оны 5 мамыр күні жекпе-жекке қатыстырмай қойса, таңғалмаймын. Бірақ ұйымдастырушылардың ешқайсысы мұндай үлкен бокс кешінен бас тартқысы келмейді. Ал Геннадий Головкиннің келесі қарсыласы Билли Джо Сондерс болуы мүмкін. Ол жекпе-жекке дайын", - деді Уоррен BoxingScene.com порталына берген сұқбатында.

Негізі Сондрес 14 сәуір күні Лондондағы (Англия) O2 спорт кешенінде отандасы Мартин Мюррейге қарсы кездесуде өзінің чемпиондық белбеуін қорғауы керек.

Бірақ чемпион жаттығу кезінде қолын жарақаттап алыпты. Сондықтан да жекпе-жекті 23 маусымға ауыстырып отыр.

Бұған дейін Головкиннің промоутері Том Леффлер отандасымыз Альварестің ісі қалай аяқталғанына қарамастан, 5 мамыр күні шаршы алаңға шығуға дайындалып жатқанын айтты. Головкин мен "Канело" арасындағы кездесу Лас-Вегастағы T-Mobile спорт кешенінде өтуі керек. Бірақ жекпе-жектің өту-өтпеуі әлі белгісіз болып тұр.

Альварестің орнына Головкинмен жекпе-жек өткізуге бірінші орта салмақта өнер көрсететін жеңіліп көрмеген америкалық боксшы Деметриус Андраде (25-0, 16 КО) дайын екенін айтты. Сонымен қатар Головкиннің WBC белбеуіне басты үміткер жермалл Чарло (26-0, 20 КО) да жекпе-жек өткізуге дайын екен.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
1
0
4
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel