RU
Танымал тележүргізуші Аружан Сайынға жала жабылып жатқанын мәлімдеді
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Танымал тележүргізуші Аружан Сайынға жала жабылып жатқанын мәлімдеді

Рассказать Вконтакте

Танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы қоғам белсендісі Аружан Сайынға жала жабылып жатқанын мәлімдеді деп хабарлайды NUR.KZ.

Танымал тележүргізуші Аружан Сайынға жала жабылып жатқанын мәлімдеді. Фото: Instagram

Танымал тележүргізуші Аружан Сайынға жала жабылып жатқанын мәлімдеді. Фото: Instagram

Сұлтанқызы Шымкентте болған оқиғаны өз ісіне жаратқысы келген жандардың көп екенін айтуда.

«Бізде ғана солай шығар, түк бітірмесе де бірнәрсе істеп жүргеннің аяғынан шалу. Ұялмай, беті бүлк етпей, қысылмай, "мен, мен болғанда"деп, ілік іздеп, қаралауға дайын тұратын. ОҚО болған жағдай туралы өз ойын жазбаған адам аз шығар. Жанды жерімізден ұстады. Ұл, қыз өсіріп отырған әр ананың жүрегі езілді. Әр әке ішінен боқтады. Сұрақ өте көп. Уақыт өте бәріне жауап алармыз, аламыз. Сәл сабыр. Түйгенім, мейлі сіз бай болыңыз, кедей болыңыз, орыс болыңыз, қазақ болыңыз, бірақ біз қорғансыз екенбіз. Құдайды бұл әңгімеге араластырмайық», - деді ол Instagram парақшасында.

Сондай-ақ тележүргізуші ата-аналарға баламен қалай қарым-қатынас орнату керектігі жайлы бірнеше кеңес ұсынды.

«Біріншіден балаңыз көзіңізге тіке қарап, ішіндегісін айта алу керек. Не болса да, ренішін, қуанышын. Бала сізге сену керек.

Екіншіден, балаңыздан ауытқуы бар көкелердің болатынын жасырмаңыз. Қалай айту керек екенін психолог мамандардан гөрі, өзіңіз балаңызды жақсы білесіз ғой, дұрыс жеткізесіз. Үшінші надпочечниктердің активный болатын кезеңінде бала өзімен - өзі қалып қоймауы тиіс.

Бастысы, қорқыта бермеңіз, мынау болса мынадай болады, былай істесең солай аяқталады деп соңы жаман сценарийді айта бермеңіз. Қаралаудан шығып отыр», - деді Ләйлә Сұлтанқызы.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
2
2
1
11
1
4
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір