RU
Қарағандылық полицейлер жезөкшелерден тегін төсек қатынасын талап еткен
Жаңалықтар Қоғам

Қарағандылық полицейлер жезөкшелерден тегін төсек қатынасын талап еткен

Рассказать Вконтакте

Қарағанды полициясы орталық бөлімінің тәртіп сақшылары өз қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны үшін 4 жылға бас бостандығынан шектетілді. Олар жезөкшелерді тегін төсек қатынасына мәжбүрлеген деп хабарлайды NUR.KZ.

Көрнекі фото желіден алынды

Көрнекі фото желіден алынды

Қарағандылық полицейлер өткен жылдың қазан айында ,жеңіл жүрісті қыздарды қонақ үйге шақырып, олардан тегін төсек қатынасын талап еткен. Зардап шеккен бойжеткендердің айтуынша, тәртіп сақшылары тарапынан тегін жыныстық қатынасқа мәжбүрлеу бірнеше рет орын алса керек.

Алайда, тегін қызмет көрсетуден бас тартып жеңіл жүрісті қыздар қонақ үйден шығып кетеді. Арттарынан іле-шала жөнелген тәртіп сақшылары оларды қарумен қорқытпақ болған. Полицейдің бірі, қыздарды одан бетер үрейлендіру мақсатында қарудан оқ атам деп көлік жүргізушісіне тиіп кеткен.

Қарудан қорқа қоймаған бойжеткендер бірден "102" нөміріне қоңырау шалып, көмек сұраған. Қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдаланған тәртіп сақшылары бірден оқиға орнынан қашып кетті.

Бұл жайтқа қатысты сотта олар өз кінәларын толығымен мойындамады. Жезөкшелерді жауапкершілікке тартпақ болып шақырдық деп ағынан жарылды полицейлер.

Сот үкімі оларға 4 жыл бас бостандығын шектеу мен қоғамдық жұмыстар түріндегі жаза кесті. Оның үстіне енді олар Ішкі істер органдарында қызмет ете алмайды

Сіздің реакцияңыз
2
0
4
1
0
7
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel