RU
Ресейлік дипломаттардан бас тартып жатқан елдер көбейіп барады
Жаңалықтар Әлемде

Ресейлік дипломаттардан бас тартып жатқан елдер көбейіп барады

Рассказать Вконтакте

21 мемлекет Үкіметі Ресей елшілерінен ат тонын ала қашып, тез арада елден кетулерін талап етті. Оның 16 мемлекеті - Еуроодақ мүшесі. Бұл туралы Baq.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Ресейлік дипломаттардан бас тартып жатқан елдер көбейіп барады

Ресейлік дипломаттардан бас тартып жатқан елдер көбейіп барады

Украина, Норвегия және Албания Ұлыбританияны жақтап, Ресей Үкіметін Сергей Скрипаль мен оның қызы Юлияны улады деп айыптап отыр.

Ағылшын Үкіметі болса, елдегі 23 Ресей елшісін шығарып үлгерді. Мәскеу бұған жауап ретінде Британия елшілерін қуып, Ресейдегі Лондон мәдени ғимараттарының бәрін жауып тастады.

Хорватия премьер-министрі Андрей Пленкович елшіліктен нақты бір адамның кететінін жариялады. Ал Чехия болса, үш елшінің табанын жалтырататынын айтты. Премьер-министр Андрей Бабис пен Сыртқы істер министрі Мартин Стропницкий пресс-конференция жасап, Ресей елшілерін «нон грата тұлғалары» деп жариялады.

Германия Сыртқы істер министрлігі де елдегі 4 орыс елшінің қызметінен бас тартқан.

«НАТО және Еуропалық Одақ мүшелерімен бірдей федералды Үкімет алдағы жеті күнде Ресей елшілерін елден шығаруға бел буды. Бүгін бұл өтініш Берлиндегі Мәскеу елшілігіне жіберілді», - дейді министрлік өкілдері.

Венгрия, тіпті, Ресей елшісін тыңшылық жасады деп айыптап отыр. Италия болса, Рим қаласындағы екі ресейлік елшінің кететінін айтты. Ал Латвия билігі Ригада жұмыс істеп жатқан елші мен елшілікте қызмет ететін бір қызметкердің бар екенін, енді олардың тез арада ел территориясынан кететінін мәлімдеді.

АҚШ Вашингтондағы Ресейдің 60 елшісін шығармақшы. Айта кетерлігі, бұл - үшінші тарап өзге мемлекетте болған оқиғаға әлем елдерінің дүниежүзілік деңгейде реакция білдіріп жатқан ең ірі оқиғаның бірі.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
4
1
0
1
12
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір