RU

Сәкен Майғазиев Кемероводағы оқиғаға көңіл айтып, елді жылатты (видео)

Осыдан бірнеше күн бұрын Кемеровода болған қайғылы оқиғадан 64 адам қаза тапқан еді. Олардың 41-і кішкентай балалар. Әнші Сәкен Майғазиев қазаға көңіл айтып, елді жылатты деп хабарлайды NUR.KZ.

Сәкен Майғазиев Кемероводағы оқиғаға көңіл айтып, елді жылатты (видео). Фото: Instagram
Сәкен Майғазиев Кемероводағы оқиғаға көңіл айтып, елді жылатты (видео). Фото: Instagram: UGC

Сәкен Майғазиев қайғылы оқиғаға қабырғасы қайыса отырып, көңіл айтты. Ол Instagram парақшасында видео жүктеп, жазба қалдырды.

«Алла тағала басқа бермесін. Тілсіз жаудандан жанын арашалай алмай, өртке оранған сәбилердің шарасыздығын елестетсем жүрегім сыздап қоя береді. Әлемдердің әміршісі Раббымыз марқұмдарды мейіріміне бөлеп, ата-аналары мен жақындарына сабыр бергей. Жаратушы иеміз зілзаладан, от, су апаттарынан сақтасын», - деп жазды әнші.

Бұл жазбаны оқыған желі қолданушыларының барлығы қайғылы оқиғаға көңіл айтып, қапияда қаза тапқан 41 балақайды еске алды.

Айта кетейік, 25 наурыз күні Ресейдің Кемерово облысында сауда орталығы өртеніп, 64 адам қаза тапқан болатын. Олардың 41-і кішкентай балалар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1723417-sken-majgaziev-kemerovodagy-okigaga-kil-ajtyp-eldi-zylatty-video.html