RU
ОҚО-да Наурыз тойлаған студенттер төбелес шығарып, бір-бірін пышақтаған
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

ОҚО-да Наурыз тойлаған студенттер төбелес шығарып, бір-бірін пышақтаған

Рассказать Вконтакте

Оңтүстік Қазақстан облысында колледж студенттері бірін-бірі пышақтап тастады. Ал жарақат алған 17 жастағы екі жасөспірім аурухананың жансақтау бөліміне түскен деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

ОҚО-да

Ордабасы ауданына қарасты Бірлік ауылы тұрғындарының айтуынша, төбелес елді мекен орталығында Наурыз мерекесі тойланып жатқанда орын алған.

Көрші Жамбыл ауылының жігіттері үш көлікпен келіп, қатарластарына тиіскен көрінеді.

Ерегістің соңы төбелеске ұласып, тіпті пышақтауға дейін барған. Күдіктілердің бірі алтыбақан теуіп тұрған Жүзжан Нұрәлі есімді жігіттің бір бүйіріне пышақ сұғып, қашып кетіпті.

Қазір пышақ жарақатынан зардап шеккен екі студент Темірлан ауылындағы ауруханада ем қабылдауда.

Оларға ота жасалып, бірінің көкбауырын алып тастаған. Дәрігерлер қазір екеуінің жағдайы қалыпты екенін айтады.

Ал, өңірдің ішкі істер департаменті бұл оқиға бойынша тергеу шаралары жүргізіліп жатқанын растады. Ресми деректер бойынша осы қылмысқа қатысы бар деген күдікпен бір жасөспірім қамауға алынған. Тергеуге қатысты қалған ақпараттар қосымша хабарланады дейді полицейлер.

Сіздің реакцияңыз
1
2
5
6
0
3
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel